Көкшетаулық және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үш ауыл округының тұрғындарын ұялы байланыссыз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаулық және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үш ауыл округының тұрғындарын ұялы байланыссыз қалдырды

Көкшетаулық және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үш ауыл округының тұрғындарын ұялы байланыссыз қалдырды

Көкшетау қаласының 30-жасар тұрғыны мен 22 жасар СҚО тұрғыны СҚО Айыртау ауданының үш елді мекенін ұялы байланыссыз қалдырды, деп дүйсенбі күні СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Ер азаматтарды полиция қызметкерлері Гусаковка аулында орналасқан ұялы байланыс стансасының секторлық антеннасының кабелдерін ұрлап жатқанда ұстаған.

  • 25 Шiлде 2011
  • 616
Фото - Caravan.kz

«Билайн» орталық кеңсесіне түн ортасында ұялы байланыс желісінің бір стансасының жұмысында ақау барлығы туралы сигнал келіп түсті. Кеңсе қызметкерлері бұл туралы Айыртау АІІБ-не хабар беріп, мұнарада бұзақылар бар болуы мүмкіндігін айтқан», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына бара жатып полицейлер күдікті машинаны байқаған. Мұнараға келген олар кабельдің ұрланғанын көрген. Полицейлер Лобанова седлосына қарай бет алып бара жатқан автокөліктің номері мен маркасын өздерінің әріптестеріне хабарлаған.

«Көлікті тексеру барысында көліктегі екеу машинада жатқан кабель су құбырынікі деп сендірмекші болған. Полицейлер кабельдің сипаты қандай болуы мүмкіндігін анықтап жатқанда, әлгі екеу көлігімен тайып тұрған. Бірақ олар ертесіне Көкшетауда қолға түсті», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Кейін олар кабельдің жалғағыш тетіктерін жолда лақтырып тастағанын айтып, қазір олардың барлығы табылды. 200 м кабельді ұрлағаннан келген жалпы шығын Т500 мың көлемінде. Станса қызметкерлерінің айтуынша, кабельді қосып, жүйені қалпына келтіруге кем дегенде бір ай кетеді.

«Оқиға фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұрылар кабельді металл қабылдайтын қосынға тапсырмақшы болған. Тексеріс барысында осындай кабельдердің ұрлануы СҚО Тайыншы ауданы мен Ақмола облыстарында да орын алғаны анықталыпты. Қазір осы ұрылардың оларға қатыстылығы тексерілуде», — деп баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар