«12 жасар Нұржан Сағынбай домбырадағы өзінің тамаша өнерімен әділ қазылар алқасын таң қалдырды. Оның орындаған Нұрғиса Тлендиевтің «Аққу» және «Баламишка» күйлері өте жоғары баға алды. Ол фестивальдің гран-прийін жеңіп алды», — деп жас музыканттың тәлімгерлері айтып берді.
«Мен жеңіп шыққаныма өте ризамын. Мен тәлімгерлеріме және ата-аналарыма да ризамын», — деп ой бөлісті Нұржан.
«Нұржанға тұрып қол шапалақтады. Мен шәкіртімнің біздің сенімізді ақтағанына бақыттымын», — деп мақтанышпен оның домбра класындағы ұстазы Серік Сәрсенбай айтып берді.
Жас флейташы Толқын Махметова екінші орын алды. «Бірінші орынды Германиядан келген қыз бала алды. Бұл өте танымал конкурс сондықтан онда жеңіп шығудың өзі өте мақтан тұтарлық жағдай», — деп Көкшетаулық музыка мектебінің флейтадан мұғалімі Мұхтар Сейдалин мәлім етті.
VII-шы халықаралық фестиваль Чехия, Польша, Украина, Ресей, Германия, Беларусия, Татарстаннан келген 600-ден астам конкурстанттарды жинады. Тек «аспаптық жанр» номинациясында әр елден келген 20 қатысушы өздерінің ұлттық аспаптарында өнерлерін көрсетті.