Көкшетаулықтарды дүрліктірген шағын несие беру ұйымының басшысы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаулықтарды дүрліктірген шағын несие беру ұйымының басшысы қамауға алынды

Көкшетаулықтарды дүрліктірген шағын несие беру ұйымының басшысы қамауға алынды

Көкшетаулықтарды дүрліктірген шағын несие беру ұйымының басшысы қамауға алынды. Облыстық ІІД Бақыт Әділоваға қатысты ұйымдасқан топ құрып, аса ірі көлемде алаяқтықпен айналысты деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір «қаржы пирамидасын» ұйымдастырған азаматша уақытша тергеу абақтысында отыр. Алайда қыруар қаржысын  «пирамидаға» салып қойған тұрғындар енді құзырлы орындарға шағым түсіріп, бас инвесторды құтқарудың қамымен жүр.

  • 3 Маусым 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

Полиция «КазРосИнвестпроект» серіктестігінің жұмысын тоқтатқалы бір апта уақыт өтті. Ақмола облыстық ішкі істер департаменті бұны үш айдан бері Көкшетауда жұмыс істеп жатқан қаржы ұйымының атына салымшылардан шағым түскендігімен түсіндірген. Сөйтіп, 2 мыңға жуық салымшының қарсылығына қарамастан, серіктестіктің есеп-шоты жабылып, қаржысы мен құжаттары тәркіленген болатын. Енді серіктестіктің жетекшісі әрі «қаржы пирамидасын» ұйымдастырушы Бақыт Әділова қамауға алынды.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Алаяқтық жөніндегі қылмыстық іс қазір Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетіне берілді. «Қаржы пирамидасын» ұйымдастырған жеке кәсіпкер қамауға алынды.

Бұл хабар онсыз да бір аптадан бері сең соққандай сенделіп жүрген салымшылар үшін оңай тиген жоқ. Олар күні бүгінге дейін ақшалары салынған ұйым жұмысын жалғастырады деп сеніп келген.


С
алымшы:

— Бақытты отырғызса, мына халық түгел түрменің ішіне барып отырады! Алдымен мен барам!

— Барамыз қазір, прокуратураға. Неге жабады, неліктен жабады? Халық несие алды, малын сатып, бар ақшасын салды. Бақыт Төлеевнаны қазір жапса, бүкіл халық,  біз де барып, сол жерде  аштық жариялаймыз, бала-шағамызбен сол жерде отырамыз!

Дүрліккен тұрғындар қазір құзырлы органдарға бас инвесторларын босату үшін өтініш, шағым түсіріп жатыр. Сондай-ақ   митингіге плакаттар мен ұрандар әзірлеуде.

Жұрт, ең бастысы, қаржы ұйымына салған ақшаларын қайтарып алудың амалын іздестіруде. Әзірге тергеу амалдары жүріп жатқандықтан, салымшылар табан ақы, маңдай терімен жинаған қаражатын қалай, кімнің қайтарып беретінін біле алмай жүр. Әзірге оны түсіндірер жан жоқ.

Соңғы жаңалықтар