Министрліктің ақпаратына сәйкес, қазір жол жөндеу қызметтері жол үстіне құмды-тұзды қоспалар төгіп, жолдардың жиегін тазартуда.
Қатты көктайғаққа байланысты Қызылорда мен Байқоңыр, Жезқазған және Шиелі арасындағы автожол қатынасы уақытша үзілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, қазір жол жөндеу қызметтері жол үстіне құмды-тұзды қоспалар төгіп, жолдардың жиегін тазартуда.