"Көктем мерекесі" атауымен Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көктем мерекесі" атауымен Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш өтті

"Көктем мерекесі" атауымен Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш өтті

Бүгін Алматыдағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығына қарасты «Өзін өзі тану» колледжінде «Көктем мерекесі» атауымен байланыстырып Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш өтті.

  • 5 Наурыз 2011
  • 1013
Фото - Caravan.kz

Кештің мақсаты — барша студенттер мен оқушылардың танымдық және рухани-адамгершілік білім алуларын қадағалау, «Вальс королі» Шәмші Қалдаяқовтың әндері мен олардың шығу тарихы жайында баяндау. Сонымен қатар, композитордың әндеріне «Вальс кешін» ұйымдастыру, Шәмші сазгерлігі мен оның өмірі жайында оқушылар мен студенттерге ақпарат беру, — дейі ұйымдастыруышалар.

«Шәмшінің «Ана туралы жырын» білмейтін, естімеген қазақ жоқ шығар. Бұл әндердің төресі десе де болады. Әрине, Шәмші Қалдаяқов әндері кез келген мақтау мен теңеуге лайық. Барлығымыз бала күнімізде осы әнді талай айтып, тыңдап өстік. Сазгер бұл әнді тек өз анасына ғана емес, барша қазақ аналарына арнаған деп түсінеміз. Сол себепті де, біз бүгінгі кешімізді Шәмші әндерімен байланыстырып отырмыз. Тағы айтарым, барша қыз-келіншектерді, апа-әжелерімізді алдағы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Әрқашан жүздеріңізден күлкі, Отбасыларыңыздан қуаныш кетпесін» — деді, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Тілек Уәлиұлы.

Сондай-ақ, кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» атты әнінің шығу тарихы жайында қойылым болды. Сазгер әндері шырқалып, ұлттық және өзге елдердің билері орындалды.

Перейти к новостям спорта