Көктемгі тасқын Қарағанды облысындағы жағдайды ушықтыра түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көктемгі тасқын  Қарағанды облысындағы жағдайды  ушықтыра  түсті

Көктемгі тасқын Қарағанды облысындағы жағдайды ушықтыра түсті

Қарағанды облысының жүзден аса елді-мекенін су басып қалу қаупі төніп тұр. Әсіресе өзен-көлдер мен су қоймаларына жақын ораналасқандарының жағдайы күрделі. Жердің тоңы кетпей тұрып қар күрт ерісе, ақұлпасы тау боп жатқан солтүстік аудандар тасқынның астында қалуы мүмкін.     

  • 10 Сәуiр 2015
  • 292
Фото - Caravan.kz

Өңірдегі 61 ауыл өзен-көлдердің қасында, ал 40 елді-мекен су қоймалары маңында орналасқан. Наурыз айында су арналары тасып, бір аптаның ішінде Қарқаралы, Шет, Ұлытау аудандарының ондаған ауылын қызыл су басқан еді. Қазірдің өзінде суды белшеден кешіп жүрген ауылдар бар. Мал-мүлік шығыны көп. Құтқарушылардың айтуынша, биыл мөлшерден 3 есе артық түскен қар ерісе, Осакаров, Нұра, Бұқар жырау аудандарында тасқын жүреді.   Ал ауылдардың төтенше жағдайға төтеп берерлік техникасы да жоқ екен.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

— Техника жеткіліксіз. Келесі жұмадан бастап, солтүстік аймақтар Самарқанд өзеніннен бастап, Абай ауданынан бастап өзендердің тасуы басталады