Көктөбедегі аттракционда кішкентай қыз оның анасы зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көктөбедегі  аттракционда кішкентай қыз оның анасы зардап шекті

Көктөбедегі аттракционда кішкентай қыз оның анасы зардап шекті

Алматыда балалар аттракционында келеңсіз жайт орын алды. Қаланың ең көрікті жері саналатын Көктөбедегі үлкен ойын алаңының бірінде кішкентай қыз бен анасы зардап шекті. Өскеменнен келген қонақтар германиялық атақты «шанамен құлдилау» аттракционында аяғын қатты жарақаттап алған. Олар қауіпті екенін «ескерпеді»деп,Көктөбе демалыс орнының қызметкерлеріне кінә артып отырса, екінші тарап ата-ананың өзі тиісті «ережені сақтамады»дейді.

  • 9 Маусым 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

Ирина Осипова Өскеменнен келіпті. Бірден кішкентай қызын ертіп,  Алматының көрікті жері Көктебеге көтерілген; арнайы рельстегі жылдам жүретін шанаға отырғысы келді. Алдымен қауіпсіздік мәселесін  аттракционның әкімшілігінен, кассирден, сосын нұсқаушыдан  «үш қайтара сұрадым» деп отыр. Бәрі бірдей «қорықпаңыз» десе керек. Сондықтан «шанаға отырдым» дейді.  Бұл шанамен құлдилап бара жатқан сәті. Бірақ жылдамдық артып, қауіпті бұрылыс басталғанда екеуінің де аяғы шана сыртына шығып кетіп,  бір шақырымға жуық жол аяқталғанша сүйретіліп барған.

Ирина Осипова, зардап шегуші:

—  Бәрі жақтырмай қарайды. Ешқандай медициналық көмек көрсете алмады. Мамандары да шұғыл жағдайға мүлдем дайын емес. Бізді басқалары көрмесін деп,бір бөлмеге қамап тастады. Сол қапаста дәрігерлер келгенше қансырап жаттық.

Тіптіондағы қызметкерлер жедел жәрдем шақыруға да жарамапты. Сондықтан олар бар көргенін тізбектеп, полицияға арыз түсірді. Ал Көктөбе   демалыс орнының басшылары «бізде кінә жоқ»деп, жауапкершілікті мойнына алудан бас тартып отыр.


Сергей Суязов
, «Көктөбе» демалыс аймағының техникалық директоры:

 Кезкелген келеңсіз жағдай, әрине, жақсы емес. Әсіресе балаға обал болды. Бірақ,  олар өздерінің білместігінен зардап шегіп отыр. Барлық жерде қауіпсіздік ережесі жазылған. Оны оқып жатқан ешкім жоқ. Бір сәттік қызық үшін аз ғана көңіл бөліп, барлық талапты орындаса, мұндай жағдай болмас еді.

2007 жылы ашылған бұл аттракционға Көктебеге көтерілгендер бір отырмай кетпейді. Мұнда оқыс жағдайлар да бірнеше рет тіркелген. Бірақ шана шалыс кетіп, талай құлағандарға мұнда алғашқы медициналық көмек көрсететін орын мүлдем жоқ.

 «Асыққан шайтанның ісі» дейді. Дегенмен  шанаға мінген ата-ана енді барлық кінәні сот арқылы дәлелдемек. Сондықтан  аталмыш оқиғаға соңғы нүктені құзырлы органдар қоятын болады. 

Соңғы жаңалықтар