Көк-Төбедегі өрт: Адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көк-Төбедегі өрт: Адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Көк-Төбедегі өрт: Адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

 

  • 12 Тамыз 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Алматы полицейлері Көк-Төбеде шыққан өрттен қаза тапқан адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазіргі уақытта Алматы полицейлері сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрі аясында төтенше жағдайдан қаза тапқан адамның аты-жөні мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", — делінген полицейлердің хабарламасында. Ведомство мәліметінше, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

 Еске салайық, кеше Көк-Төбеде өрт шығып, тікұшақтың жұмылғаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге барған еді. "Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ", — деп жазған болатын қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.
 

Соңғы жаңалықтар