Көктөбенің батыс бөктерінде лай көшкін түсу қаупі туындауына байланысты Алматының осы ауданында төтенше жағдай жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көктөбенің батыс бөктерінде лай көшкін түсу қаупі туындауына байланысты Алматының осы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Көктөбенің батыс бөктерінде лай көшкін түсу қаупі туындауына байланысты Алматының осы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Алматы қаласының Медеу ауданы аумағындағы Көктөбенің батыс бөктерінде лай көшкін түсу қаупі туындауына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

  • 18 Наурыз 2004
  • 582
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Көктөбенің батыс беткейіндегі аспалы жолдың көру-бақылау алаңқайында жауын-шашын мен қардың көп түсуінен және сол маңда кафе құрылысын салуға байланысты ұзындығы 150 метрге жететін жарықшақ пайда болып, жер қабатының 30-40 сантиметрге отыруының салдарынан, аумағы 150 мың текшеметр болатын лай көшкін түсу қаупі төнді.
Сол аумақта орналасқан 50 үйдің тұрғындарына аудандық төтенше жағдай жөніндегі басқарма мен аудандық ішкі істер басқармасының мамандары тарапынан көшкін қаупі туралы ескерту берілді..
Апат болған жағдайда оның зардабын шұғыл жою жұмыстарына тарту үшін ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің 40 маманы, 3 кинолог, республикалық жедел құтқару отрядының 6 техникасы, Агенттік төрағасының басқару пункті, №68303 әскери бөлімшенің жеке құрамы , №28237 әскери бөлімшенің 12 техникасы мен 159 адамы және «ҚазСелденҚұтқару» мемлекеттік басқармасының 32 техникасы мен 80 адамы сақадай-сай тұр. 2 бақылау пункті орнатылды.

Соңғы жаңалықтар