Жарияланды: 390

«Көкжайлау» шаңғы спорты кешені 2016 жылы ашылады

«Көкжайлау» шаңғы спорты кешенінің құрылысы 4 жылдан кейін аяқталмақ. Бүгін Алматыда бас қосқан жауаптылар аталмыш кешеннің аумағын анықтап, соңғы ғарыштық түсірілімдерін аяқтады. Естеріңізде болса, бұған дейін қала басшылығы туризмді дамыту мақсатында осы жобаны қолға алған болатын.

Шенділер «Көкжайлау» кешені туристердің де қызығушылығын арттырарына сенімді. Өйткені, онсызда табиғатына көз тоймайтын Алатау бөктерінен шаңғы-курорты үшін «келеді-ау» деген Күмбелі, Үлкен Алматы көлі және ақсай шатқалдары таңдалыпты. Мамандар, демалу орнын әлемдік деңгейде көтеруді жоспарлап та қойған. Айта кетейік, жобаны дайындау үшін 372 млн теңге бөлінсе, құрылысына 2 жарым млрд. доллардан аса қаражат жұмсалмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін