"Колбасасынан жүн шықты" Айнұр Тұрсынбаева шұжық оқиғасына қатысты жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Колбасасынан жүн шықты" Айнұр Тұрсынбаева шұжық оқиғасына қатысты жауап берді

"Колбасасынан жүн шықты" Айнұр Тұрсынбаева шұжық оқиғасына қатысты жауап берді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның "AIDYN NURY ET" деп аталатын шұжықтарының ішінен тауықтың жүні шығып жатыр деген видео әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын.

  • 20 Желтоқсан 2020
  • 2856
Фото - Caravan.kz

Аталған келеңсіз оқиғаға байланысты Айнұр Тұрсынбаева тез арада жауап берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Инстаграм парақшасында Айнұр ханым былай деп жазды:

"Мен шұжық кәсібін бастағалы 2-3 айдай ғана уақыт болды.. Аллаға шүкір сұраныс өте жоғары. Көптеген дистрибьютерлер басқа шұжықтарды таратудан бас тартып тек біздің шұжықтарды сатып жатқанын сатушылардан естіп қуанып қалдық.. Тура мен сияқты "МЕЙРЖАЧНАЯ" шұжықтарының аммбассадоры Мейіржан бауырым бір кездескенімде "Айеке, шұжықтарыңыз қатты өтіп жатыр деп естідім, енді арасынан қыл қыбыр шығатын видеолар қаптайды, дайын болыңыз..Және ол видеолар космостық жылдамдықпен тарайтын болады" деп еді.. Сөйтсем алғаш сата бастағанда оның да шұжықтарынан шаш, тырнақ, жүн "шыққан" екен. Видеоны жылжытсаңыздар көресіздер..Бәсекелестік қой қайтеміз енді.. Ең сорақысы біз оттегі концертратын тасығанда, баспана таратып жатқанда, азық түлікті тегін таратқанда жақ ашпаған журналистер қауымы жүн шыққан колбасаны сатырлатып салып жатыр… Ерінбей санап шықсам 22 ақпарақттық парақша осы видеоны таратыпты…

"Аққа құдай жақ"! Не болса да бізге жақсы жарнама жасап бердіңіздер! Себебі соңғы 2 күнде сауда 4 есеге өсіп кетті.. Алла разы болсын..! Қазақстанда өндіріс жоқтың қасы.. Тіпті тіс шұқитын таяқты Қытайдан аламыз.. Болашақта өзімнің жеке шұжық цехымды ашсам деген мақсатым да жоқ емес.. Мұнымен қоса түрлі пакеттер шығаратын, скотч шығаратын цехтарды да ашсақ па деп отырмыз.. Мен үшін сапа бірінші орында! Отандық өнімді көбейту үшін қолдау керек.. Анықтап алмай жатып аяқтан тартсақ өсіп-өнбейміз ғой ағайындар- ау..

Біздің өнімдер шығарылатын цех басынан бастап, лабораториялық тексерістерден өтіп тұрады. "Халал Даму" ЖШС-нан арнайы құрылған комиссия келіп, цехті толығымен тексеріп шықты. Біздің өнім барлық халал стандарттарға сай жұмыс жасайды. Сертификатталған. Соңғы ақпараттардан кейін біз тексерістерге тағы да өтініш білдірдік, тексерістер басталып та кетті. Сапа біз үшін өте маңызды! Алланың колдауымен күніне 8-10 тонна шұжық еліміздің түпкір түпкіріне тарайды. Бұл отандық өнімде бұрын соңды болмаған көрсеткіштер.
Жалған ақпарат таратып, өтірік видео жариялаған парақшалар да жазасын алады
деген үміттеміз.

Біз үшін таратып отырған өнімдеріміздің сапасы маңызды! Және де сіздердің бізге деген сенімдеріңізді ақтаймыз!" — деп жауап берді.

Көпшілік өнімнің расымен халал екендігін жəне таралып жатқан видеолар 100% көре алмаушылық екендігін жазуда.

 

Мынау рас болса, масқара.Осы Айнұрдың өзінің цехы барма,әлде ақша үшін реклама ма? Халал деген сөз көп фирмаларға товарларының жақсы өтуіне үлкен ықпал етудеКімнің достығында Айнұр бар екен,парақшасына осы видеоны салсаңыздар дұрыс болар еді.Сақтықта қорлық жоқ,абай болыңыздар!

Posted by Sautbek Seisenbaev on Thursday, December 17, 2020