Көлге балық аулауға кеткен әке мен бала қайтып оралмады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлге балық аулауға кеткен әке мен бала қайтып оралмады

Көлге балық аулауға кеткен әке мен бала қайтып оралмады

Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғындары - көлге балық аулауға кеткен әке мен бала жоғалып кетті.

  • 14 Қараша 2013
  • 532
Фото - Caravan.kz

ТЖ бойынша департаменттен хабарлағандай, 49 жастағы ер адам 22 жастағы ұлымен Қамыскөлге балық аулауға резеңке қайықпен шыққан. Бірнеше сағат өткеннен кейін олар үйге келмеген соң, туған-туыстары алаңдай бастаған. Іздеу барысында көлден үшкір бір нәрсеге тесілген қайық пен балықшылардың киімдерінің бір бөлігі табылған.

Іздеу жұмыстарына 6 сүңгуір қосылды. Алайда әзірге нәтиже жоқ.