Көлгінов соңғы кезде коммуналдық төлемнің неге артқанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлгінов соңғы кезде коммуналдық төлемнің неге артқанын түсіндірді

Көлгінов соңғы кезде коммуналдық төлемнің неге артқанын түсіндірді

Көлгінов соңғы кезде коммуналдық төлемнің неге артқанын түсіндірді.

  • 14 Қаңтар 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Астана- адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылған қызмет көрсету орындарына барған кезде журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мәселе көтерілді. Тұрғындардан ондай шағымдар түскеннен кейін, тексеру жүргіздік. Ол желтоқсан айында күннің күрт суына байланысты ЖЭО-да көмір көбірек жағылды. Оны ескеру керек. Мысалы, егер қараша айында тәулігіне 150 вагон көмір жағатын болса, желтоқсан айында 350 вагон жағылды. Айырмасы өте көп. Күн суық болғаннан кейін шығыны да көп болып отыр. Бірақ оған байланысты тариф өскен жоқ, — деді ол.

Қала әкімі бұл ауа райына қатысты екенін айтты. Себебі желтоқсан айының соңы мен қаңтардың басында қатты аяз болды.


Жылуберушілер оны ауа райы жағдайымен байланыстырып отыр. Бұл таза экономика. Ал тарифтер көтерілмеді және көтерілмейді де. Электр жүйесіне де тариф көтерілген жоқ. Ресми түрде мәлімдеймін, жуық арада тарифтерді көтеру жоспарланып отырған жоқ, — деді Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар