Көлігімен адам таптағандардың аты-жөндері неге айтылмайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлігімен адам таптағандардың аты-жөндері неге айтылмайды?

Көлігімен адам таптағандардың аты-жөндері неге айтылмайды?

Алматыда үш бірдей адамды көлікпен таптап кеткен екі күдіктінің бірі ұсталды.

  • 28 Тамыз 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz


Полицейлерге 24 жастағы жігіт оларды қасақана қаққанын мойындаған. Ал, екінші күдікті әлі қолға түспей жатыр. Олардың терезесі сынып, қанға малынған темір тұлпарлары да тәркіленіп отыр. Бірақ, текетіреске қатысқан бірде бір азаматтың аты-жөнін Ішкі Істер министрінің өзі жасырын ұстауда. Ал, миы шайқалып, бірнеше жарақатпен ауруханада жатқан қарсылас топтың жігіттері әлі де журналистермен тілдесуден бас тартуда.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кешелі бері елдің талқысына түсіп, көптің жағасын ұстатқан күдіктілердің біреуі кеше кеш батқанда ұсталды. Видеода ақ көлікпен жігіттерді малша қуып, соңына түскен жүргізуші 24 жаста екен. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. Ол өз кінәсін толық мойындап, тіпті қарсыластарын көлікпен қасақана таптап өткенін айтқан. Сондықтан да, күні кешегі ауыр қылмысқа үш бірдей жеңіл бапқа тағы біреуі қосылып отыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
"Қылмыстық кодекстің алғашқыда үш бабы бойынша іс қозғалды. Күні кеше ғана бұл сезіктілердің іс-әрекеті қайта сараланып, адамның өміріне қол жұмсау дерегі бойынша тағы бір іс қозғалды. Бұл аса ауыр қылмыс болып саналады. 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр".

Дәл осы қылмысқа қара көлікті тізгіндеген сезікті де ілінген. Алайда, екі тәуліктен бері полицейлер аяғынан тік тұрып әлі іздеуде. Алматы қаласынан сыртқа шығып үлгермепті. Әдейі тығылыспақ ойнауда дейді. Оны жақындары да қайда екенін білмейді. Тіпті, туғандарының қатігездікпен адамды көлікпен қаққанына сене алар емес. Тек телефонмен тілдесуге келіскен отбасы бәрі жала деп отыр.

АДЕМА АЛИКЕЕВА, КҮДІКТІНІҢ ӘПКЕСІ:
«Мой брат на такое не способен. Он самый спокойный человек. В нашей семье он самый спокойный. Я не знаю, как его там могли оклеветать и что там говорят».

Ал, видеода нөмірлеріне дейін анық көрінген көліктердің сиқы осы. Қанға әбден малынған. Алдыңғы терезесі шағылып, капоты қисайған. Оқиға орнына жақын жерден табылыпты. Бірақ, жаппай төбелесте жігіт саны көп болғанымен, тек оның екеуі ғана күдікке ілінген. Тек полицейлер ешқайсының аты-жөнін нақты айтпауда. Тіпті, ішкі істер министрінің өзі тергеуді сылтаурап жақ ашпады.

ЕРЛАН ТҰРҒЫНБАЕВ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«Күдіктілердің аты-жөнін біз жарияламаймыз. Тергеу жүріп жатыр. Көлікпен қаққан екі адам болған. Яғни, екі көлікте екі жүргізуші. Біреуі ұсталды. Көліктер оқиға орнына жақын маңда қалдырылған. Қазір тәркіленді. Бізде тұр".

Ал, көлікке тапталған үш азамат әлі ауруханада әлсіз күйі жатыр. Айта кету керек, екіге бөлініп төбелескен жігіттер сол маңдағы екі түнгі ойын клубынан шыққан. Текетірестің мән-жайы тергеу барысында белгілі болады дейді полицейлер.