«14 тамызда шамамен сағат 11.30-да Абылай хан даңғылы бойындағы үй ауласынан түрлі жарақаттармен Н. есімді азаматша табылып, медициналық мекемеге жеткізілді. Ол алынған жарақаттар салдарынан ауруханада көз жұмды. Аталған факт ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілерімен Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді», — деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметінен.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен әскеридің қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Алматы аудандық сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау шарасы санкцияланды.
Астана қ. ІІД қылмыстық істі әрі қарай қарау үшін ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасына тапсырдыскери