Жарияланды: 120

Көлік алуға барған қазақстандықтар Арменияда алданып қалып жатыр – ІІМ

Көлік алуға барған қазақстандықтар Арменияда алданып қалып жатыр – ІІМ  Сурет - kaznews.kz

 

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Арменияға көлік алуға барған азаматтардан арыз түсіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелдік көліктерді тіркеуге шақырып жатқандағы тағы бір маңызды себеп – біз алдағы уақытта тіркелуі қиын болып кететін шетелдік көліктерді сатып алуда азаматтарымызды сақ болуға шақырамыз.

Қолда мынадай ақпарат бар: біздің кей азаматтар Армения азаматтарымен бірге әртүрлі айла-шарғыны пайдалануда. Мәселен олар уақытша тұратын азамат мәртебесін алудан бастап уақытша тіркеу картасын алуға дейінгі қулықтарды ойластырады», - деді Марат Қожаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ІІМ республикадағы басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік және көші-қон комитетінің мамандарын Арменияға жіберіп отыр. Олар армениялық әріптестерімен бірге қазақстандық және армяндық азаматтардың істерінің заңдылығын тексермек. «Арменияда алданып қалған Қазақстан азаматтары бізге шағым түсіріп жатыр. Олар сол жақта алданып, шығынды батқан. Біз әу баста бұл мәселені БАҚ-қа шағын хабарлама түрінде таратқан едік. Алайда көліктер ЕАЭО елдерінен көптеп кіргізіле бастағаннан кейін тікелей телефон желісін іске қостық. Сондай-ақ, «Жолда қабылдау» шарасын қолға алдық. Бұл жұмыстарды ең алдымен азаматтарымызды қорғау үшін жасап жатырмыз», - деді ол. Айта кетсек, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев құқық қорғаушылар неліктен Армения мен Қырғыз Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеуге шақырып жатқанын айтып берген еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін