Көлік инспекторы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік инспекторы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

Көлік инспекторы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды

 Талдықорған қалалық соты Алматы облысының көліктік  бақылау инспекциясының бас маманына 300 мың теңге айыппұл салды.

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, көлік инспекторы 6000 теңге көлемінде пара алған. Сот отырысы кезінде сотталушы өз кінәсін мойындады.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөліміне сәйкес айыпты деп танылды. Инспекторға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар