Көлік министрі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік министрі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді

Көлік министрі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді

Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев 22 маусымда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді,

  • 23 Маусым 2011
  • 369
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Кеңеске Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстық әкімшіліктері мен басқармаларының жетекшілері, автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері мен мердігерлік ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Селекторлық кеңес барысында жер кеніштерін ресімдеу, жер телімдерін сатып алу мәселелері мен жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.

2011 жылы 161 млрд. теңгені игеріп, 730 шақырым жол салу (соның ішінде 275 шақырым — І техникалық санат, 455 шақырым — ІІ техникалық санат) жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда 1615 шақырым бойында мердігерлік ұйымдар құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 5 учаске бойынша байқау процедуралары өткізілуде.

21 маусымдағы жағдай бойынша жобаға 5 мың дана жол-құрылыс техникасы, 31056 адам, олардың ішінде 30572 қазақстандық пен 484 шетелдік жұмылдырылған. 2011 жылға арналған негізгі жол-құрылыс материалдарының 51 пайыздан астамы дайындалған.

Бүгінде ұзақтығы 215 шақырым болатын Қарабұтақ — Ырғыз учаскесінде құрылыс жұмыстары аяқталды.

Соңғы жаңалықтар