Көлік министрі және Түркия Елшісі халықаралық автомобиль тасымалдауына рұқсат беру бланкілерімен қосымша алмасу туралы келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік министрі және Түркия Елшісі халықаралық автомобиль тасымалдауына рұқсат беру бланкілерімен қосымша алмасу туралы келісті

Көлік министрі және Түркия Елшісі халықаралық автомобиль тасымалдауына рұқсат беру бланкілерімен қосымша алмасу туралы келісті

2011 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лале Улкермен кездесу өткізді,

  • 1 Шiлде 2011
  • 536
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Көлік министрі Б. Камалиев көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы қысқаша ақпарат берді.

Бүгінгі күні азаматтық авиация саласында рейстердің санын арттыру және Шымкент және Анкара жаңа пункттерін қосу туралы келісімге қол жеткізілді.

Автомобиль тасымалдау саласындағы ынтымақтастық та нәтижелі дамуда. 2011 жылға үшінші мемлекеттерге/ден 3000 универсалды және 1000 рұқсат беретін айырбастау квотасы белгіленген.

Автомобиль жолдары саласында түркиялық 3 компания «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» ірі жобаны іске асыруға қатысуда, олар — «Cengis Insaat Sanayi Ve», «Ticaret Akkord Okan» БК, «Азеркорпу/Тепе» (Әзербайжан/Түркия).

Темір жол саласындағы ынтымақтастық Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде жүзеге асырылуда. Айталық, 2011 жылғы 4 айда Түркияға темір жол көлігі арқылы жіберілген экспорттық тасымалдың көлемі 1,5 млн. тоннаны құрады. Жүктің басты номенклатурасын мұнай өнімдері, түсті металл, химикаттар және сода, азық-түлік және басқа жүктер құрады.

Су көлігі саласында ағымдағы жылғы 4 айда Ақтау — Баку порты маршруты бойынша және одан әрі темір жол арқылы Түркияға 43,22 мың тонна металл тасымалданды.

Төтенше және Өкілетті Елші Лале Улкер өз сөзінде көлік Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы басты құралдарының бірі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда екі мемлекет арасындағы сауда айналымын 10 миллиард АҚШ долларына дейін қол жеткізу міндеті қойылған. Сондықтан, Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтудағы маңызды кезеңдердің бірі пайда болған мәселелерді уақытылы шешу болып табылады. Бүгінгі күні осындай бір мәселе — халықаралық автомобиль тасымалдауына рұқсат беру бланкілерімен қосымша алмасу қажеттігі туындап отыр.

Министр Берік Камалиев қазақстандық тарап аталған мәселе бойынша жәрдемдесуге дайын екендігін растап, көлік және қатынас комитетіне келіссөздер үрдісін тездетуді тапсырды. Сонымен қатар, министр ағымдағы жылғы қыркүйекте Астана қаласында автомобиль көлігі жөнінде Аралас комиссия отырысы өтетінін атап өтті. Осы отырыс барысында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жоспарлы дамыту үшін рұқсат беру бланкілердің қажетті көлемін нақтырақ қарастыру мен анықтау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар