Көлік министрлігі рұқсат етуші құжаттардың санын үштен бірге азайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік министрлігі рұқсат етуші құжаттардың санын үштен бірге азайтады

Көлік министрлігі рұқсат етуші құжаттардың санын үштен бірге азайтады

ҚазТАГ – ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) рұқсат етуші құжаттардың көлемін үштен бірге азайтады, деп мәлім етті ведомство басшысы Берік Камалиев.

  • 21 Шiлде 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні министрліктің 100 шақты рұқсат етуші құжаттары бар. Біз жақында 30 құжатты қысқартуды жоспарлап отырмыз. Біз үкіметтің тапсырмасымен осы ұсынысты экономикалық даму және сауда министрлігіне енгіздік», — деді Б. Камалиев бейсенбі күні кеңесте.

Министрдің айтуынша, көліктік бақылау саласындағы 34 рұқсат етуші құжаттың 14-і қысқартылады.

Сондай-ақ, министрліктің 8 бақылау-қадағалау функциясы қысқартылып, оңтайландырылады.

«Біз стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің қызмет ету мәселелерін қарадық. Олардың жартысынан астамы жабық, 35 бекеттің 17-сі ғана жұмыс істейді», — деді Б. Камалиев.

Сондай-ақ, ККМ көлік құралдарының салмағын қозғалыс үстінде өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасады.

«Келесі жылы біз бұл жұмысты қолға алып, көліктік бақылау бекеттерінің бәрін автоматтандыру жұмысын 2013 жылы аяқтауға тиіспіз», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар