Көлік нөмірін таңдауға өтініш: eGov қазақстандықтарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.43
  • 594.86
-8 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік нөмірін таңдауға өтініш: eGov қазақстандықтарға үндеу жасады

Көлік нөмірін таңдауға өтініш: eGov қазақстандықтарға үндеу жасады

Электрондық үкіметтің баспасөз қызметі онлайн режимде нөмірлік белгілерді сатып алғанан кейін оның басқа өтініш берушілерге қолжетімді болуын түсіндірді

  • 15 Қаңтар
  • 6
ФОТО: Tengrinews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру қызметі 2026 жылғы 8 қаңтарда eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы пилоттық режимде іске қосылды. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілген болса, 15 қаңтарға қарай олардың жалпы саны 226 мыңнан асқан.

Қызметтің танымалдығы онлайн рәсімдеудің ыңғайлы екендігін растайды. Бұл ретте жекелеген жағдайларда өтінімді рәсімдеу кезінде пайдаланушыларға төлемнен кейін таңдалған нөмір әлі қолжетімді екені көрсетілуі мүмкін. Көбінесе бұл төлем жасалғаннан кейін өтініштің соңғы қадамында толық аяқталмауымен байланысты.

«Мұндай жағдайда «Бұрын төленген» опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсетіп, өтінішті қайта тапсыру қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушілерге қолжетімсіз болады», — делінген хабарламада.

https://www.instagram.com/egov.kz/?utm_source=ig_embed&ig_rid=4257d085-b669-436c-be9d-936674a975c6