Оқыс оқиға бүгін, 10 тамызда сағат таңғы 10-да орын алды.
КИА автомобилі Правобулачная көшесінің бойымен Кремль жаққа қарай бағыт алған.
Көшелердің қиылысына жеткенде қыз жолда жүру ережесін бұзып, солға бұрылмақ болды. Сөйтіп ол газ бен тежеуішті шатастырып алды, деп жазды life.ru.
Салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, қоршауды бұзған күйі суға құлады. Құлаған кезде автомобиль салонында тағы екі жолаушы болған. Олар зардап шекпеді. Көліктегі адамдар автомобильден өздері шықты.