"Көлік пен телефон береміз": Нұр-Сұлтанда ұтыс немен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көлік пен телефон береміз": Нұр-Сұлтанда ұтыс немен аяқталды

"Көлік пен телефон береміз": Нұр-Сұлтанда ұтыс немен аяқталды

Елордада гүл дүкенінің ашылуына арналған ұтысқа екі мыңнан астам адам жиналды.

  • 8 Ақпан 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылар айыппұл төлейді, деді Sputnik Қазақстанға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде.

"2021 жылдың 7 ақпанында Есіл ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысын бұзу фактісін анықтады. Екі мың адамның қатысуымен шара (гүл дүкенінің ашылуына арналған ұтыс) ұйымдастырылған", — санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Есіл ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кезектен тыс тексеріс жүргізді.

"Оқиға расталды, "Global Flowers" ЖШС-на 8 ақпан күні басқармаға келу қажеттігі туралы хат тапсырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес шара қолданылады", — деді Байтанаев.

Бұл бапқа сәйкес, 670 910 теңге немесе 1,5 мың доллар айыппұл салу қарастырылған.


Бұған дейін Sputnik Қазақстан оқырмандары елордада гүл дүкенінің маңында адамдар жиналып, көлік кептелісі болғанын айтты. Дүкен Мәңгілік ел даңғылындағы Dream City тұрғын үй кешенінде ашылған.

Блогерлер iPhone 12, AirPods, Apple Watch сағаты және Volkswagen Polo көлігі ойнатылатынын хабарлаған еді.