Жарияланды: 450

Көлік полициясы пойыз жолаушысынан киіктің 62 мүйізін тапты

Атырау стансасында жүргізілген жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде «Саратов-Ташкент» бағытындағы пойыздың жолаушысынан киіктің 62 дана мүйізі алынды, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. Ұсталған 33 жастағы ер адам Өзбекстанның Самарқанд облысының тұрғыны екені белгілі болды. «Қызыл кітапқа» енгізілген жануардың мүйіздері тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін