Көлік прокуратурасы заңнамаға авиакомпанияларда резервті борттардың міндетті болуы туралы өзгеріс енгізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік прокуратурасы заңнамаға авиакомпанияларда резервті борттардың міндетті болуы туралы өзгеріс енгізуді ұсынады

Көлік прокуратурасы заңнамаға авиакомпанияларда резервті борттардың міндетті болуы туралы өзгеріс енгізуді ұсынады

ҚР Бас көлік прокуратурасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен, Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе отырып, қазақстандық авиатасымалдаушылардың тұтынушылар құқын қорғау мәселелері бойынша тексерістер жүргізді.

  • 27 Шiлде 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінен хабарланды.

Тексеру қорытындыларына сәйкес, ұшақтардың ұшу кестесіндегі кідіріс фактілерінің басым бөлігі «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясының рейстерін атқару барысында орын алғаны анықталды. Мәселен, 2010 жылы аталған авиакомпаниямен орындалған 27776 рейстің 5806-сында, яғни 20 пайызында ұшу уақыты кідірген болса, 2645 рейстердегі кідіріс уақыты 1 сағаттан артық мерзімді құраған.

Ал 2011 алғашқы жартыжылдығына сәйкес, 15351 атқарылған рейстің 2976-ында ұшу уақыты шегерілген, бұл 19 пайызға тең. Ұшу мерзімі 1 сағаттан артық уақытқа кейінге созылған рейстер саны аталған кезеңде 1224-ті құраған.

«Сонымен қоса, ауа райының қолайсыздығы секілді объективті себептермен рейстердің айтарлықтай бөлігі кідіріп жататыны анықталды. Сондықтан да, алдыңғы рейстегі әуе кемесінің уақытынан кешігіп келуіне орай одан кейінгі ұшу мерзімдері де автоматты түрде шегеріліп отырған. Мәселен, 2010 жылы бұндай көрсеткіш 45,3 пайызды құраса, 2011 жылы 40 пайызға жеткен. Осыған орай, прокуратура қолданыстағы заңнамаға бұндай жағдайға қатысты резервті борттардың міндетті болуы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс әзірлеуде», — делінген баспасөз айғағында.

Әуе көлігінде қызметтерді тұтынушылар құқының қорғалуына қатысты тексерістер жалғасуда. Бұндай шара барысында ұшу билеттеріне бағаның қалыптасуы, жолаушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, әуежай қызметтері секілді сервистік мәселелер де прокуратура органдарымен зерделенетін болады.

Соңғы жаңалықтар