Көлік қозғалысындағы шектеулерге қарамастан азаматтар айналма жолдар арқылы өздеріне төтенше жағдайлар жасайды
Қабылданатын шараларға қарамастан азаматтар өз өмірі мен жақын туған-туысқандарының өміріне қауіп төндіріп жатады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті апаттық құтқару қызметі күштері мен құралдары басқармасының сарапшысы Үміт Алданбергенова айтты. |
«Қыс кезінде ауа райының қолайсыздығы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көлік қозғалысын шектеу үшін жолдарды жабу және басқа да тиісті шаралар қабылданып жатады. Алайда, қабылданатын шараларға қарамастан азаматтар өз өмірі мен жақын туған-туысқандарының өміріне қауіп төндіртіп, көлік қозғалысы үшін айналма жолдарды тауып алып, өздеріне төтенше жағдайлар жасайды»,-деді сарапшы.
Осы орайда ол егер азаматтар қауіпсіздіктің қарапайым шараларын елейтін болса, көптеген төтенше жағдайлардан құтылуға болатынын атап өтті.
Үміт Алданбергенованың сөзіне қарағанда, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ауа райының өзгеруін хабарлаған мемлекеттік органдардың хабарламаларына жауапкершілікпен қарау қажет. Сонымен қатар көлік жүргізушілері жолдарды қар басқан немесе көктайғақ кездерінде жолға шықпағаны жөн.
Белгілі болғандай, биылғы қыста көктайғақ, боран және төмен температураның салдарынан республикалық жолдарды жабу туралы шаралар 104 рет қабылданды. Осы жылғы қыстың 20 күнінде ҚР ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 943 адамды құтқарып, 146 автокөлікті эвакуациялады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін