Көлік құралдарын ресімдеу жөніндегі жедел штаб құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік құралдарын ресімдеу жөніндегі жедел штаб құрылды

Көлік құралдарын ресімдеу жөніндегі жедел штаб құрылды

Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағының жұмыс істеу режимінен уақытша жеке алулар туралы хаттаманың 1-бабына сәйкес (Астана қаласы, 2010 жылғы 5 шілде) 2011 жылғы 1 шілдеде «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді өткізу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.07.2010 жылғы №682 қаулысының қолдану мерзімі аяқталады.

  • 23 Маусым 2011
  • 342
Фото - Caravan.kz

Жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерді әкелуінің ай сайынғы өсу тенденциясын ескере отырып және кедендік декларациялау кезінде кезектерді және негізсіз кідірістерді болдыртпау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасына жеке пайдалануға әкелетін көлік құралдарын кедендік декларациялау және кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша аумақтық кеден органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру үшін Жедел штаб құрылды.

Осыдан басқа, аумақтық кеден органдарында да жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік декларациялау мәселелерін жедел қарастыру бойынша тиісті шараларды жүргізу және олар бойынша шешім қабылдау, көлік құралдарын әкелудің күнделікті мониторингін және кедендік тазалауды жүргізу үшін қоғамдық ұйымдар, «Нұр Отан» ХДП, бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін тарта отырып, аумақтық кеден органдары бастықтарының басшылық етуімен жедел штабтар құрылды.

Соңғы жаңалықтар