Caravan Logo

Көлік құралдарын ресімдеу жөніндегі жедел штаб құрылды

Көлік құралдарын ресімдеу жөніндегі жедел штаб құрылды

Жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерді әкелуінің ай сайынғы өсу тенденциясын ескере отырып және кедендік декларациялау кезінде кезектерді және негізсіз кідірістерді болдыртпау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасына жеке пайдалануға әкелетін көлік құралдарын кедендік декларациялау және кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша аумақтық кеден органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру үшін Жедел штаб құрылды.

Осыдан басқа, аумақтық кеден органдарында да жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік декларациялау мәселелерін жедел қарастыру бойынша тиісті шараларды жүргізу және олар бойынша шешім қабылдау, көлік құралдарын әкелудің күнделікті мониторингін және кедендік тазалауды жүргізу үшін қоғамдық ұйымдар, «Нұр Отан» ХДП, бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін тарта отырып, аумақтық кеден органдары бастықтарының басшылық етуімен жедел штабтар құрылды.