Көлік ұрлағандар «Алматы-Өскемен» жолында ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік ұрлағандар «Алматы-Өскемен» жолында ұсталды

Көлік ұрлағандар «Алматы-Өскемен» жолында ұсталды

Алматы облысының ІІД-не Іле ауданының тұрғыны «Фольксваген» көлігін ұрлатып алғанын хабарлады.

  • 28 Тамыз 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Полицейлер көлікті іздеу жұмысына бар күшін салды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Көп ұзамай ұрының «Алматы-Өскемен» күре жолында кетіп бара жатқаны анықталды.

«Жол полицейлері көлікті Қапшағай қаласының маңында тоқтатты. Ішінде отырған үш ер адам ұсталып, Іле АІІБ-не жеткізілді», — деп нақтылады полицияда.


Қазіргі кезде көлік құралын заңсыз иелену фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.