«Біздің жалғыз ұсынысымыз бар: рейстерін тоқтатып тастаған немесе кешіктірген әуе компаниялары басшыларын жауапқа тарту керек. Олардың жауапкершілігін тек осындай жолмен ғана арттыра аламыз», — деді Б.Камалиев үкіметтің дүйсенбідегі селекторлық отырысында.
Уақытынан кешіктірілген әрбір рейске қатысты мәселе Алматы мен Астана әуежайлары жанынан құрылатын арнайы штабтарда қаралады, деп қосты ол.
«Қазір осы мәселеге қатысты шаралар жоспары жасалды. Бүгін біз сағат үште үкіметте осы мәселені жан-жақты қарастырамыз», — деді Б.Камалиев.