Көлік және коммуникация министрі рейстерін кешіктірген отандық әуе компаниялары басшыларын жауапқа тартуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрі рейстерін кешіктірген отандық әуе компаниялары басшыларын жауапқа тартуды ұсынды

Көлік және коммуникация министрі рейстерін кешіктірген отандық әуе компаниялары басшыларын жауапқа тартуды ұсынды

Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев рейстерін кешіктірген отандық әуе компаниялары басшыларын жауапқа тартуды ұсынды.

  • 13 Маусым 2011
  • 335
Фото - Caravan.kz

«Біздің жалғыз ұсынысымыз бар: рейстерін тоқтатып тастаған немесе кешіктірген әуе компаниялары басшыларын жауапқа тарту керек. Олардың жауапкершілігін тек осындай жолмен ғана арттыра аламыз», — деді Б.Камалиев үкіметтің дүйсенбідегі селекторлық отырысында.

Уақытынан кешіктірілген әрбір рейске қатысты мәселе Алматы мен Астана әуежайлары жанынан құрылатын арнайы штабтарда қаралады, деп қосты ол.
«Қазір осы мәселеге қатысты шаралар жоспары жасалды. Бүгін біз сағат үште үкіметте осы мәселені жан-жақты қарастырамыз», — деді Б.Камалиев.

Соңғы жаңалықтар