Көлік және коммуникация министрлігі елімізде кеме жүргізушілерін оқыту және аттестациялау процессін жетілдірмек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрлігі елімізде кеме жүргізушілерін оқыту және аттестациялау процессін жетілдірмек ниетте

Көлік және коммуникация министрлігі елімізде кеме жүргізушілерін оқыту және аттестациялау процессін жетілдірмек ниетте

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігі елімізде кеме жүргізушілерін оқыту және аттестациялау процессін жетілдірмек ниетте. Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті ағымдағы жылдың 8 айындағы су көлігіндегі жүргізген бақылауы мен "Скутер" шұғыл-профилактикалық акциясының қорытындылары мәселесі бойынша өткізген баспасөз конференциясында ККМ КБК төрағасының орынбасары Хакімжан Жаңбырбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 565
Фото - Caravan.kz

«Комитет судағы транспорттық оқыс оқиғалардың санын азайту үшін кеме иелерін оқыту үдерісі мен аттестациялауды жетілдіруге жұмыстар жасамақшы», -деді Х. Жаңбырбаев.

Сонымен бірге, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты проблемалардың бірі — «азаматтардың су транспортын пайдалану қауіпсіздігіне қатысты заңнаманы білмеуі» болмақ. «Сол себепті біз ҚР Білім және ғылым министрлігіне орта мектептердің оқыту үдерісіне Шағын кемелерді пайдалану ережелерінен үзінділер оқытуды енгізуді ұсынбақпыз», — деді ол.

Су көлігіндегі бақылау басқармасының шағын кемелер жөніндегі бас сарапшысы Қайрат Омаровтың мәліметінше, бүгінгі күні шағын кемелерді жүргізушілерді елімізде «көбінесе судан құтқару қоғамының өңірлік құрылымдары, яғни, қоғамдық ұйымдар оқытып шығаруда». «Заңнама бойынша оқыту бағдарламаларын транспорттық бақылаудың аумақтық инспекциясы бекітеді, аттестациялау процессін де транспорттық бақылау комитетінің аумақтық органдарының мамандары жүргізеді», — деді ол.

«Проблеманың түп-тамыры — оқыту процессінің ақталмауында. Шағын кеме жүргізушілерін дайындайтын оқыту орталықтары барлық өңірлерде, барлық ірі облыс орталықтарында бірдей бар деуге болмайды. Атап айтсақ, өңірде ірі Қапшағай су қоймасы бола тұра, Алматы мен Алматы облысында да осындай арнулы оқу орталықтары жоқ», -деді Қ. Омаров.

«Оқыту бағдарламасы тым күрделі емес. Компьютерлік бағдарлама арқылы қашықтан оқыту жүйесі енгізілсе, үйде отырып-ақ интернеттен оқып-үйренуге болады. Ал бізде қазір оқыту материалдары он жыл бұрынғыдай қазаз беттерінде қалып отыр. Біз сол себепті оқытур процессін жол полциясындағы бағдарламадай компьютерге көшіруді қалар едік»,- деді Қ.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар