Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанда аймақтық әуе компаниясын құру идеясынан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанда аймақтық әуе компаниясын  құру идеясынан бас тартты

Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанда аймақтық әуе компаниясын құру идеясынан бас тартты

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанда аймақтық әуе компаниясын құру идеясынан бас тартып отыр. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Наурыз 2007
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Министрлік бүгінгі күні, тіптен ағымдағы жылдың аяғына дейін аймақтық әуе компаниясын құру орынсыз деп санайды, себебі қазіргі уақыттағы әуе тасымалының сұранысын қазіргі әуе компаниялары қанағаттандырып отыр»,- деп түсіндірді ол.

«Бүгінде Қазақстанда жеті әуе компаниясы бар. Біз «Эйр Астана» әуе компаниясының қызметіне, әсіресе сапалы қызмет көрсету жағынан жүйелі және қатаң мониторинг жүргізе отырып, оны қолдау мен одан әрі дамыту орынды деп санаймыз»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті