Көлік және коммуникация министрлігі шағын кемелерді пайдаланудағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұлды ұлғайтуды көздеуде (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрлігі шағын кемелерді пайдаланудағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұлды ұлғайтуды көздеуде (толық нұсқасы)

Көлік және коммуникация министрлігі шағын кемелерді пайдаланудағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұлды ұлғайтуды көздеуде (толық нұсқасы)

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігі шағын кемелерді пайдаланудағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұлды ұлғайтуды көздеуде. Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігінде Көліктік бақылау комитеті ағымдағы жылдың 8 айындағы су көлігіндегі жүргізген бақылауы мен "Скутер" шұғыл-профилактикалық акциясының қорытындылары мәселесі бойынша баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 753
Фото - Caravan.kz

Журналистердің сұрақтарына ККМ КБК төрағасының орынбасары Хакімжан Жаңбырбаев, су көлігіндегі бақылау басқармасының шағын кемелер жөніндегі бас сарапшы Қайрат Омаров және су көлігіндегі бақылау басқармасының өзен кемелері жөніндегі сарапшы Дәулет Елеусіз жауап берді.

Су көлігіндегі бақылау басқармасының шағын кемелер жөніндегі бас сарапшысы Қайрат Омаровтың мәліметінше, айыппұл көлемі орта есеппен 2-3 есе ұлғайтылмақ. «Мысалы, қазір шағын кемені куәліксіз жүргізгені үшін үш АЕК, белгіленген жылдамдықты асырып жібергені үшін 2 АЕК көлеміндегі айыппұл, немесе, бір жылға дейін құқықтан айыру, кемені мас күйінде жүргізгені үшін 5-10 АЕК дейін, немесе бір жылға дейін құқықтан айыру, қателік қайталаған жағдайда айыппұл көлемін 15-25 АЕК дейін ұлғайту қарастырылған», — деді ол.

«Бірақ біз скутерлерді пайдаланамыз, сол себепті оны Қапшағайда прокатқа алу 10 минутқа 7 мың теңге, ал Ақөтауда 10 минутқа 4 мың теңге екенін жақсы білеміз, яғни, бұл айыппұлдарды 10 минутта өтеп алуға болады, сол себепті, айыппұл көлемін біз 2-3 есе арттыруды көздеп отырмыз», -деді Қ. Омаров.

Су көлігіндегі бақылау флоттағы апаттарды алдын алу жөніндегі 2008 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

Қазіргі уақтта Қазақстанда Каспий теңізіндегі суда жүзуі, сондай-ақ ішкі су көлігін пайдалану арқылы ішкі туризм белсенді дамып келеді.

Кеме санының артуы өзен және шағын кемелердің тіркелген көлік оқиғаларының күрт көбеюіне соқтыруда. Кемелер саны 22166-дан 24063-ке дейін артса (1897 кемеге), яғни 8,7 пайызға көбейсе, көлік оқиғалары саны 4-тен 15 оқиғаға артқан. Негізінен бұл оқиғалар кемелерді қысқы мезгілде сақтау ережелерін бұзуға байланысты болды (мысалы, Атырау облысында 6 өзен кемесінің суға батып кетуі).

Онда да осы оқиғалардың салдарынан адам опатына жол берілген. Айталық, шілде айында болған екі апаттан — Қапшағай су қоймасындағы скутерлердің соқтығысынан және Ертіс өзеніндегі шағын кеменің төңкерілуінен 8 адам, оның ішінде 5 жасар бала қаза болды.

Теңіз көлігіне келсек, ондағы апат саны 2007 жылғы 3-тен биылғы 2 оқиғаға дейін, яғни 33 пайызға кеміді.Ал теңіз кемесінің саны осы мезгілде 152-ден 189-ға жетті, яғни 24 пайызға ұлғайды.

Биылғы жылы Комитеттің қызметі, ең алдымен, бақылаудағы нысан иелерімен (кеме иелері, шағын кемелердің тұрақ-базаларының иелері, т.б.) профилактикалық жұмыс жасауға, сонымен бірге кеме жүретін су жолдарын және шағын және орта бизнеске жатпайтын тұлғалардың жай-күйін тексеруге бағытталды (Республикалық қазыналық су жолдары кәсіпорындары, «АХТСК» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Қазтеңізкөлікфлоты» АҚ және т.б.).

Навигация қарсаңында көліктік бақылау инспекциялары заңнамаладың бұзылуын болдырмау мақсатында жергілікті атқару органдардың өкілдерінің, кеме иелерінің, шағын кемелердің тұрақ-базаларының және демалыс аймақтардың иелерінің қатысуымен профилактикалық кеңестер өткізілді.

Маусым-тамыз айларында тұңғыш рет республикалық «Скутер» акциясы өткізілді. Оның мақсаты: жұртшылықтың жаппай демалатын орындарында шағын флотты, әсіресе шапшаңдығы жоғары кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Осы акцияның шеңберінде жергілікті мемлекеттік және атқару органдары өкілдерінің қатысуымен жер-жерде рейдтік тексерістер өтті. Сейілге, спортқа арналған және шағын кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселесіне назар аударту мақсатымен кейбір рейдтерге БАҚ өкілдері қатыстырылды.

«Скутер» акциясының нәтижесінде республика бойынша шағын кемелерді пайдалану ережелерін бұзудың 189 оқиғасы анықталды, 56 кемеге ереже бұзушылық салдарын түзегенге дейін кемелерін пайдалануға тиым салынды. 2007 жылғы осы кезеңге 85 ереже бұзушылық анықталған. Немесе, ереже бұзушылық 115 пайызға өскен. Тіркелген шағын кемелер саны 2007 жылғы 21348-ден 23234-ке, яғни 8 пайызға артқан. Бұдан былай «Скутер» акциясы жылда өткізілетін болады.

Кеме жүретін су жолдарының және навигациялық құрылғылардың жай-күйін бақылау мақсатында 8169 км су жолдары тексерілді, тексеріс бойынша 7 республикалық мемлекеттік қазыналық су көлігі кәсіпорындарына ескертпе құжат тапсырылды.

Жалпы көліктік бақылау комитетінің су көлігіндегі бақылау саласы бойынша ү.ж. 8 айында ереже бұзушылықты жою жөнінде 89 ескертпе құжат тапсырылды, 214 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 215 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бюджетке 681 299 теңге айыппұл түсірілді.

Кейінгі екі жылда Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің мамандық жетілдіру курстарынан 30 маман дайындықтан өтті.

Келешекте судағы көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ККМ КБК мынадай жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр: жыл сайын жүзу маусымы ашылар қарсаңында демалыс аймақтарының, шағын кемелердің тұрақ-базалары иелерімен шағын кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу; кеме иелерін БАҚ арқылы шағын кемелерді қауіпсіз пайдалану ережелерімен таныстыру; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне шағын кемелерді пайдаланудағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұлды ұлғайту жөнінде өзгерістер енгізу; кеме иелерін оқыту үдерісі мен аттестациялауды жетілдіру; кемелердің тексерісін прокуратура органдарында міндетті түрде тіркеуді жою жөнінде жұмыс жасау; ҚР білім және ғылым министрлігіне орта мектептердің оқыту үдерісіне Шағын кемелерді пайдалану ережелерінен үзінділер оқытуды енгізуді ұсыну.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар