Көлік және коммуникация министрлігі: Шанхай қаласында Көліктік ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің 6-шы отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік және коммуникация министрлігі: Шанхай қаласында Көліктік ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің 6-шы отырысы өтуде

Көлік және коммуникация министрлігі: Шанхай қаласында Көліктік ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің 6-шы отырысы өтуде

2011 жылғы 15-16 маусымда Шанхай қаласында Ынтымақтастық жөніндегі Қазақ-қытай комитеті Көлік ынтымақтастығы жөніндегі Кіші комитетінің 6-шы отырысы өтуде. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров, ал қытайлық делегацияны Қытай Халық Республикасы Көлік министрінің орынбасары Фэн Чжэнлинь басқаруда,

  • 15 Маусым 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында тараптар көлік және коммуникация саласындағы қазақ-қытай ынтымақтастығының даму динамикасына оң баға берді. Сондай-ақ, жолаушылар мен багажды және Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру бойынша ағымдағы жағдайы туралы өз ойларымен бөлісті.

Тараптар автомобиль көлігі саласындағы автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін бірыңғайландыру, 2012 жылғы арналған рұқсат беру бланктерімен алмасу квоталарын орнату, жолаушылар мен багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін анықтау, азаматтық авиация саласында ынтымақтастық мәселелерін қарады.

Сонымен қатар, екі жақтың автотасымалдаушыларына визаларды рәсімдеу және беру, сондай-ақ, «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы арқылы көлік құралдарының қозғалысына бақылау тәртібі секілді өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша хаттамаға қол қою жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар