Көлік жуатын орында екі баласымен тұратын жалғызбасты әкенің тағдыры - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік жуатын орында екі баласымен тұратын жалғызбасты әкенің тағдыры

Көлік жуатын орында екі баласымен тұратын жалғызбасты әкенің тағдыры

Астанадағы көлік жуатын орынның аядай бөлмесінде екі баласымен тұратын жалғызбасты әкеге Әкелер одағы көмектесеміз деп отыр. Аталған ұйымның басшысы Қуаныш Жұматаев Исатай Таумашев туралы одаққа мүше бір адамнан естіпті.  

  • 22 Мамыр 2017
  • 2683
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде "КАРАВАН" газеті жазды. 

— 7 жасар қызы мен 12 жасар ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Исатайға жұмыс пен баспана қажет болып тұр. Ол көлік жуатын орыннан 60 мыңдай теңге алады екен. Балаларымен бірге кішкентай ғана бөлмеде тұрады, — дейді Қуаныш Жұматаев.   

Астанаға Оралдан көшіп келген Исатай әйелімен төрт жыл бұрын ажырасыпты. 

— Әйелі күйеуін балалармен қалдырып, кетіп қалған. Ол қазір басқа біреуге тұрмысқа шыққан. Үй шаруасымен айналысады. Кейде балаларына хабарласып тұрады. 10-15 мың теңге жібереді екен. Исатаймен сөйлескенімізде, балалары қасында отырды. Үсті-бастары тап-таза. Әкесінің оларға қарайтыны көрініп тұр. Олар тіпті шешесін көргісі келмейтін сияқты. Кезінде Исатай әйеліне ажырасуға рұқсат бермей қойған. Баспана алуға кезекке де тұрмапты. Қазір олар толық емес отбасы ретінде 18 мыңыншы болып кезекте тұр, — дейді Әкелер одағының басшысы. 

Исатайдың отбасы тұратын бөлмеде дұрыстап өмір сүру де, сабақ оқу да мүмкін емес. Өйткені ол жер өте дымқыл. Жудыруға әкелетін көліктердің кесірінен шу да көп. Десе де, Исатай бұған да шүкір дейді. Өзі мен балаларына баспана бергені үшін бастығына рахмет айтып отыр. Ол енді жүргізуші куәлігін алып, таксиші болғысы келеді.