Көліктегі полиция қызметкерлері екі күн ішінде 700 келіден астам есірткі затын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көліктегі полиция қызметкерлері екі күн ішінде 700 келіден астам есірткі затын тәркіледі

Көліктегі полиция қызметкерлері екі күн ішінде 700 келіден астам есірткі затын тәркіледі

ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Кендір-2011» жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Луговая стансысының «Тәтті-Қорағаты» аралығында Астана қаласының 58 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

  • 13 Шiлде 2011
  • 356
Фото - Caravan.kz

Ер адамнан 501 келі 700 грамм «марихуана» тәркіленген. Есірткі сатушы 11 шілде күні ұсталды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір азамат Луговая стансысының уақытша қамау орынына жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Луговая стансысында көліктегі полиция қызметкерлері Алматы облысының 37 жастағы тұрғынын қолға түсірген болатын. Одан 204 келі 300 грамм есірткі заты табылған. Азамат уақытша қамау орынына жабылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар