Көліктен құлап қалған екі жасар баланы машина қағып кетті
![]() |
Ақтөбеде жол апатынан екі жасар сәби көз жұмды. Оны 37 жастағы көкесі көліктің артқы орындығына отырғызып әкеле жатқан, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі. Бұрылыста түсіп қалған сәбиді қарсы келе жатқан көлік басып кеткен. Сәби оқиға болған жерде жан тапсырды, ал жүргізуші қашып кетіпті. Жауапкершіліктен жалтарған жүргізуші іздестіріліп жатыр. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін