"Денем тітіркеніп кетті": Таксист әйел түнгі мезетте еркектен көрген бар қорлығын жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Денем тітіркеніп кетті": Таксист әйел түнгі мезетте еркектен көрген бар қорлығын жайып салды

"Денем тітіркеніп кетті": Таксист әйел түнгі мезетте еркектен көрген бар қорлығын жайып салды

Алматылық таксист әйел түнгі мезетте ер адамдардың өзіне тиіскенін айтып, сұмдық жайттармен бөлісті.

  • 29 Шiлде
  • 11755
Instagram/Qazaq.Airan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол Qazaq.Airan YouTube жобасында айтып берді.

«Көліктің кредитін төлей алмай қалдым, айына 263 мың теңге. Машинаның кредитін алты айға «отсрочка» деді. Сөйтсем 300 мың теңгеге көтеріп жіберіпті. Тамақты бәрін кредитке аламыз.

7,8 немесе 9 айдай болып қалды. Балаларымды қатты уайымдаймын, көлігімнің ақшасын жаба алмаймын. Көлікті алып алса, ары қарай білмеймін, не істейтінімді.

Кішкентай ұлымның көзі жібермейді, кішкентай ұлым арбуз сұраған кезде жүрегім ауырып кетті. Килограмы 700 теңге болып кетті

Балаларымды бағу үшін, таксист болып жұмыс істеймін, 2-3 күн үйге келмей қаламын, машинада қонып аламын», — деді ол.

Сонымен бірге ол ер адамдар тиісетінін жасырмады.

«Түнгі сағат екіде алып келдім ол кісіні. Содан ол кісі ағам қайтыс болды деп, жылап бастады. Содан түнгі екіден таңғы төртке дейін көліктен шықпай қойды. Сондай жағдайлар болып тұрады», — деді ол.

Перейти к новостям спорта