Көлікті есірткі қолданып мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікті есірткі қолданып мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды

Көлікті есірткі қолданып мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде көлікті есірткі қолданып мас күйінде айдаған жүргізуші ұсталды. Ол зәр сынамасын алу үшін дәретке отырмай жол сақшыларын екі сағат бойы әбігерге салған.

  • 27 Қазан 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz


Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық жол полиция басқармасының аға инспекторы:

— Жүргізуші наркологиялық диспансерге апарған кезде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп,жүргізуші зәр тапсыруға бас тартты. 2 сағаттан кейін жаңағы сараптамадан өтіп, жүргізуші автокөлігін есірткі пайдаланып басқарғаны анықталды.

Нашақор екені белгілі болған соң 21 жастағы жігіт жол сақшыларына  еліміздегі шектеулерге қарсы наразылығын білдіріпті. Тіпті, заңға өзгеріс енгізуді ұсынған. Оның айтуынша, Голландиядан үлгі алып, көлікті есірткі қолданып басқаруға рұқсат беру қажет. Үстіндегі марихуана суреті бар футболканы да сол наразылық шарасы үшін киіп жүргендігін айтып отыр. Жалпы осы бір тәулік ішінде Ақтөбе қаласының өзінде есірткі қолданған екі, араққа сылқия тойып алған 38 жүргізуші ұсталыпты.

Соңғы жаңалықтар