Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Былтыр жыл аяғында шағын және орта бизнеске несие алғандар көбейген.
Ірі бизнес тарапынан да несие алуға сұраныс тоқтаған жоқ.
Банк мамандарының айтуынша, мемлекеттік жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан несиеге сұраныс өскен.
IV тоқсанның қорытындысы бойынша ипотекалық қарыздар мен автокредитке сұраныс артып, есесіне тұтынушылық кредитке сұраныс 40,8 мыңға дейін төмендеген.
Көлікті кредитке алатындар саны күрт артқан. Оған себеп – осы сегменттегі кредиторлар тізімін кеңейту және ірі банктің автокредиттеу сегментіндегі цифрлық өнімдерді белсенді дамытуы. Осылайша, кредиттік өтінім саны 1,2 млн-ға дейін өсті. Банк биыл бірінші тоқсанда да несиеге көлік алатындар көп болады деп болжап отыр.