Көлікті мас күйінде басқарғандарға әкімшілік жауапкершілікті айтарлықтай күшейту қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікті мас күйінде басқарғандарға әкімшілік жауапкершілікті айтарлықтай күшейту қажет

Көлікті мас күйінде басқарғандарға әкімшілік жауапкершілікті айтарлықтай күшейту қажет

Жол-көлік оқиғаларын азайту және оның салдарының ауыртпалығын төмендету мақсатында 2012 жылдың 24 және 29 қазан аралығында республика аумағында ІІМ «Қауіпсіз жол» республикалық іс-шарасын өткізді.

  • 6 Қараша 2012
  • 485
Фото - Caravan.kz

Іс-шараларға ішкі істер органдарының 8 мыңнан астам қызметкері, оның ішінде 5,5 мың жол полициясы саптық бөліністерінің қызметкерлері қатысты.

«Талдау көрсеткендей, елімізде жол жүрісі қауіпсіздігі жағдайын анықтайтын негізгі фактор — көлік жүргізушілерінің Жол жүрісі ережелерін өрескел бұзуы, олардың кінәсі бойынша 2012 жылдың басынан бастап 8,5 мың ЖКО тіркелді, бұл барлық оқиғалардың 87%-ын құрайды»,- дейді ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов.

Алдын алу іс-шара өткізу кезеңінде қызметкерлер 48 мыңнан астам, оның ішінде 1 375 көлік құралын мас күйінде басқару, 11 561 жылдамдықты асыру, 3088 басып озу ережелерін бұзу, 887 жолдың қарсы бағытына шығу, 652 көлік құралдарының терезелерін тұмшалау, 3 336 көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, 6 908 қауіпсіздік белдіктерін тақпау, 429 апаттық жағдай жасау, 996 қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге жол бермеу және басқа да Жол жүрісі ережелерін бұзушылықтарының жолын кесті.

Осыған байланысты ІІМ-нің Жол полициясы комитеті көлік құралын мас күйінде басқару, жолдың қарсы бағытына шығу, жылдамдық режимін бұзу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті айтарлықтай күшейту бойынша ұсыныстар әзірледі. ЖҚЕ-ны өрескел бұзғаны үшін көлік құралын басқарудан айыру және әкімшілік қамауға алу мерзімдерін ұзарту жоспарлануда. Бұл ретте, ЖҚЕ бұзушылықтарының негізгі түрлерін құқық бұзушылықтарды техникалық құралдарымен тіркеу көмегімен анықтау жоспарланған.

«Жүргізуші ереже бұзғаны үшін сәйкес жазалау болатынын сезінуі керек, себебі жолда әдепсіз жүру және жауапкершілікті сезінбей жүру салдары қайғылы оқиғаға ұшыратып, нәтижесінде ешбір кінәсіз адамдар қаза болады», — деп атап өтті Берік Бисенқұлов.

ЖКО-ның алдын алу бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша, 5-11 қараша аралығында балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында мектеп демалысы кезінде республика бойынша «Демалыс» профилактикалық акциясы өткізіледі. Ал, 12-18 қараша аралығында «Жол қозғалысының қауіпсіздік апталығы» атты кең көлемді насихаттың науқан ұйымдастырылады. Ол БҰҰ қарарына сәйкес қарашаның үшінші жексенбісінде аталып өтетін Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күнінде бірқатар алдын алу іс-шаралары өткізумен аяқталады.

«Біз ЖКО фактілерін айтып қана қоймай, олардың алдын алуға бағытталған жұмыс атқаруымыз қажет», — деп қорытындылады Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов.

Соңғы жаңалықтар