Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ХКД 2 жүргізушісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ХКД 2 жүргізушісі ұсталды

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ХКД 2 жүргізушісі ұсталды

Жамбыл облысында 13 күн ішінде 4200-ге жуық жол қауіпсіздігі ережесі бұзылды, деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

  • 30 Мамыр 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Жол тәртібін күшейту, жолаушы және технологиялық көліктердің жүргізушілерінің аса қауіпті жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылықтарын анықтау, келімсектерді, малдарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу, тыйым салынған заттарды және т.с.с. анықтау мақсатында Жамбыл облысында «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отыра тәуліктік мақсатты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді», — деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Роза Қалдыбекова.

Еңбекпен өтеудің 13 күні ішінде «Айша-Бибі» шартты стационарлық бақылау бекетінде жол сақшылары облыстық «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, жолаушы және технологиялық көліктердің жүргізушілері тарапынан жіберілген 4200-ге жуық түрлі жол кодексін бұзушылықтың жолын кесті.

«ЖҚЕ бұзушылықтың ішінде жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны 1850-ге жуық, көлікті мас күйінде басқарғаны — 87, қозғалыстың қарсы бағытына шыққаны — 185, әйнектерін қараңғылағаны — 73, автокөлікті заңсыз қайта жабдықтағаны — 22, техникалық байқаудан өтпегені — 39, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзғаны — 41, ал айыптұраққа 167 автокөлік кіргізілді», — деп атап өтті Жамбыл облысы ІІД ЖПБ бастығы, полиция подполковнигі Айдар Совет.

Мәселен, 17 мамыр күні сағат 19.30-да «Рубеж» бөгет жүйесіндегі бекеттегі жол қозғалысын қадағалау барысында сәйкесінше құжаты жоқ 27 бас жылқы тиелген Меркі ауылының 46 жасар тұрғынының жүргізуіндегі «КамАЗ» жүк көлігі тоқтатылды.

Қордай ауданында және Б.Момышұлы ауылының маңындағы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» учаскесінде жол құрылысымен айналысатын мердігерлік ұйымның «масайған» екі жүргізушісінің басқаруындағы жүк автокөлігі ұсталған.

Бұл күндері жолаушылар және технологиялық транспорттардың жүргізушілері 446 ЖҚЕ бұзған, оның ішінде жылдамдықты арттырғаны — 73, көлікті құжатсыз басқарғаны — 16, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегені — 29 және т.б. Бұл жұмыс жалғасын табуда және Жамбыл облысы ІІД бастығының жіті бақылауына алынған, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар