Көлікті мас күйінде жүргізгендер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікті мас күйінде жүргізгендер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Көлікті мас күйінде жүргізгендер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Көлікті мас күйінде жүргізгендер қылмыстық жауапқа тартылсын! Бүгін Сенатта осындай бастама көтерілді. Депутат Жұмабек Төрегелдиновтің айтуынша, жол апаттары негізінен осындай жүгенсіз жүргізушілердің кінәсінен орын алып отыр. Сондықтан ішімдікке тойып алып, көлікке отырғандарды жәй жазамен қалдырмау керек дейді сенатор. 

  • 16 Қараша 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz


Жұмабек Төрегелдинов, Сенат депутаты:

— Белгіленген әкімшілік жазаның нәтижесін көріп отырғанымыз жоқ. Айыппұл төлеп құтылады. Осындай есерсоқтың кесірінен жол апаттары жиілеген.

Сондай-ақ, сенатор қарсы бағыттағы жолға шыққан жүргізушіні де 12 айға куәлігінен айыруды сұрайды. Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай өтуге қатысты айыппұлдарды 5 есеге арттыру керек, сондай-ақ тәжірибесі 5 жылға толмаған және жасы 25-ке жетпеген азаматтарды автобустарға жүргізуші етіп отырғызбау керек дейді депутат. Ал жүргізушілік тәжірибесі 1 жылға толмағандарға тіпті түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін көшеде жүруге мүлдем тыйым салған жөн. Сенатор осы ұсыныстарын тізіп, бүгін Үкімет басшысының атына сауалын жолдады.

Соңғы жаңалықтар