Жұмабек Төрегелдинов, Сенат депутаты:
- Белгіленген әкімшілік жазаның нәтижесін көріп отырғанымыз жоқ. Айыппұл төлеп құтылады. Осындай есерсоқтың кесірінен жол апаттары жиілеген.
Сондай-ақ, сенатор қарсы бағыттағы жолға шыққан жүргізушіні де 12 айға куәлігінен айыруды сұрайды. Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай өтуге қатысты айыппұлдарды 5 есеге арттыру керек, сондай-ақ тәжірибесі 5 жылға толмаған және жасы 25-ке жетпеген азаматтарды автобустарға жүргізуші етіп отырғызбау керек дейді депутат. Ал жүргізушілік тәжірибесі 1 жылға толмағандарға тіпті түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін көшеде жүруге мүлдем тыйым салған жөн. Сенатор осы ұсыныстарын тізіп, бүгін Үкімет басшысының атына сауалын жолдады.