Көлікті утилизацияға қабылдау қашан басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлікті утилизацияға қабылдау қашан басталады

Көлікті утилизацияға қабылдау қашан басталады

Утилизация үшін жеңілдік сертификаты немесе ақшалай сыйақы беріледі.

  • 21 Қазан
  • 12
Фото: pixabay.com

Ескі көлікті қайта өңдеуге қабылдау ережесін Экология министрлігі жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Kolesa.kz сайтының мәліметінше, көлікті тасымалдаушыға сату немесе қабылдау пунктіне өз бетімен тапсыру мүмкіндігі болады. Ол үшін «Жасыл Даму» АҚ порталында өтінім беріп, 15 күн ішінде мәселені шешу қажет. Тасымалдаушылардың баға ұсыныстары акционерлік қоғамның сайтында жарияланады. Өтінім беру сәтінде ұсыныстар болмаса немесе көлік иесінің ойынан шықпаса, ол көлікті қабылдау пунктіне өзі апаруға тиіс.

Утилизация үшін қанша төленеді?

Сертификат сомасы жеңіл көліктер үшін 315 000 теңгеден басталады. Толық ереже жақын арада жарияланады.

Экология министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің мәліметінше, ескі автомобильді тапсырғаны үшін көлік иелеріне отандық көлік сатып алу үшін жеңілдік сертификаты немесе ақшалай тең сома беріледі.

Төлем мөлшері мынадай:

⏺ Жеңіл көлік — 315 000 теңге;

⏺ Микроавтобус — 550 000 теңге;

⏺ Автобус — 750 000 теңге;

⏺ 12 тоннаға дейінгі жүк көлігі — 550 000 теңге;

⏺ Ауыр жүк көліктері — 750 000 теңге;

⏺ Трактор — 560 000 теңгеден 1 млн теңгеге дейін;

⏺ Комбайн — 1.5–2 млн теңге.

Қабылдау қашан басталады?

Автокөлік қабылдау биыл желтоқсанның ортасында басталады. Ереже күшіне енгеннен кейін 45 күн ішінде, яғни 27 қазаннан кейін мамандар қара металл өңдеушілерден техниканы утилизацияға өткізу бойынша өтінім жинап, базаға тіркейді және кәсіпкердің қажет жабдықтары бар-жоғын тексереді. Осыдан кейін ғана көлік иелерінен өтінім қабылдау басталады.

Қайта өңдеуге жіберілетін көлікке қойылатын талаптар, өтінімді қалай беру және машинаны қабылдау пунктіне өз бетімен қайда жеткізу керектігі туралы Экология министрлігі жақын арада толығырақ хабарлауға уәде берді.