Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері 4 мың теңге пара аламын деп төрт жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері 4 мың теңге пара аламын деп төрт жылға сотталды

Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері 4 мың теңге пара аламын деп төрт жылға сотталды

Павлодардың №2 соты өңіраралық көліктік бақылау инспекцияларының бірінің жетекші маманына қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.

  • 5 Қараша 2012
  • 389
Фото - Caravan.kz

Анықталғандай, ағымдағы жылдың маусым айында сотталушы ірі габаритті және ауыр салмақты көліктің өтуіне арнайы рұқсатнама бергені үшін 4 мың теңге сомасында пара алған.

Инспекция қызметкері ҚР ҚК-нің 311-бабы, 1-бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Онымен бірге, ол 3 жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызметтегі кез келген жұмысты атқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар