Көліктік бақылау және бизнес құрылымдар өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көліктік бақылау және бизнес құрылымдар өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қояды

Көліктік бақылау және бизнес құрылымдар өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қояды

31 мамырда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді,

  • 1 Маусым 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы аумағы бойынша өнімдер тасымалын жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүру, Қытай Халық Республикасы (ҚХР) аумағынан жүк өткізу схемасы мен нақты бағытын анықтау мәселелері қаралды.

Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Соның ішінде, ҚХР кіру үшін «С» рұқсат бланкі түрінің жетіспеушілігі, ал бұл мәселе бланкілердің шекарада тым жоғары бағамен сатылуына әкеліп соғуы, ел аумағы бойынша жүріп өту кезінде қайта-қайта тексерілуі, сондай-ақ, жолдарда алымдардың алынуы аталды.

ҚР ККМ Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әсет Асаубаев тасымалдауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік кедергілерді қысқартуға бағытталған шараларды атап өтті. Айталық, ағымдағы жылғы 31 мамырда ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат беру бланкілерін 20 000 данада толық алмасу мәселесі шешілді, бұл өз кезегінде отандық тасымалдаушылардың сұранысын қанағаттандырады. Ағымдағы жылғы мамырдан бастап көліктік бақылау бекеттерінде жүк- көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру ұйымдастырылды, ол арқылы екінші рет өлшеуге ҚР аумағында ғана емес, сонымен қатар ТМД мемлекеттерінде де жол бермейді. Шетелдік рұқсаттарға тасымалдаушылардың сұранысын қарастыруды автоматтандыру жүйесі енгізілуде.

Өз кезегінде, көліктік бақылау мамандары тарапынан барлық заңға қайшы деректер туралы ҚР ККМ Көліктік бақылау комитеті ақпараттық қызметіне +77015759944 сенім телефондарына қолма-қол хабарласуына өтініш білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша аумақтық органдардың қатысуымен отырыста проблемалық мәселелерді талқылау туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, көліктік бақылау органдарымен бизнестің өзара әрекет ету Меморандумын әзірлеу туралы шешім қабылданып, ағымдағы жылы 15 маусымында қол қою жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар