Колумбияда апатқа ұшыраған ұшақ ұшқышының соңғы сөздері жария етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Колумбияда апатқа ұшыраған ұшақ ұшқышының соңғы сөздері жария етілді

Колумбияда апатқа ұшыраған ұшақ ұшқышының соңғы сөздері жария етілді

Mirror басылымының жазуынша, хабарламаны футболистер отырған лайнерге жақын маңда ұшып бара жатқан ұшақ қабылдаған. Ұшқыш Мигель Кирога шектік жағдай жария етілгеннен кейін диспетчерлерге жанармайдың таусылып бара жатқанын және ұшақтың құлап бара жатқанын айтқан. Сондай-ақ, ұшқыш көмек сұраған.

Мигель Кирога: «GPS жұмыс істемей тұр, не болғанын мен білмеймін. Электроника істен шықты, толықтай істен шықты. Қонуға арналған координаттарды беріңдерші. Радармен байланысым үзілді. Қо

  • 1 Желтоқсан 2016
  • 1621
Фото - Caravan.kz

Мигель Кирога: «GPS жұмыс істемей тұр, не болғанын мен білмеймін. Электроника істен шықты, толықтай істен шықты. Қонуға арналған координаттарды беріңдерші. Радармен байланысым үзілді. Қонуға қажетті координаттарды беріңдерші. Қонуға қажетті координаттарды беріңдерші. Біз құлап барамыз. Көмектесіңіздер! Ұшу жолағының координаттарын беріңдерші. Біз 1000 футқа…».

Дәл осы сөздерден кейін ұшақ экипажының хабарламасы тоқтады.


Бұған дейін Колумбияда ұшақ құлаған жерде құтқару операциясының аяқталғаны хабарландын. Билік 75 адамның қаза тапқанын растады. Олардың 27-сі бразилиялық «Шапикоэнсе» футбол командасының ойыншылары. Қайғылы оқиғадан алты адам аман қалды.

Соңғы жаңалықтар