Колумбияда есірткі сатушылар 10 фермерді атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Колумбияда есірткі сатушылар 10 фермерді атып өлтірді

Колумбияда есірткі сатушылар 10 фермерді атып өлтірді

Колумбиялық "Норте-дель-Валле" наркокортелінің мүшелері Колумбияның солтүстігіндегі Санта-Роза-де-Осос қаласының маңында орналасқан фермада 10 бейбіт тұрғынды атып өлтірді.

  • 9 Қараша 2012
  • 311
Фото - Caravan.kz

РБК хабарлағандай, қызанақтарды өсірумен айналысатын фермерлерге автоматтармен қаруланған наркокартельдің 3 мүшесі шабуыл жасады. Полицияның берген ақпаратына қарағанда, олар фермерлерден «салық» жинау үшін келген. Бірақ олар бопсалауға көнбеген, ақырында қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. 9 ер адам мен бір бойжеткен өлтірілді.

Полиция фермерлердің өліміне қатысы бар наркокартельдің екі мүшесін ұстады. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Бұл, 2009 жылдың тамызында есірткі сатушылар бейбіт адамдарды өлтіргеннен кейінгі болған елдегі ірі оқиға. Ол кезде осы наркокартельдің өкілдері Колумбияның оңтүстік-батысында Ава тайпасының 12 өкілін өлтіріп кеткен болатын.

Айта кетейік, Колумбия әлемде есірткі бойынша жағдайы күрделі тұрған ел болып табылады. Мемлекет кокаиннің өндірісі бойынша ғаламшарта бірінші орында тұр. БҰҰ-ның статистикасы бойынша, Колумбияда жылына бұл есірткі түрінің 300 тоннадан астамы шығарылады.

Соңғы жаңалықтар